Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының төрағалығымен Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ауыл шаруашылық және туризм саласындағы жобаларға инфрақұрылым тарту мәселесі қаралды.
Барлығы құны 313,4 млн.тг. болатын 9 жоба қарастырылды.
Бұл құрал кәсіпкерлерге бюджет есебінен жетіспейтін инфрақұрылымды: электрмен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және т.б. жүргізуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, ағымдағы жылы «БЖК 2025» бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу үшін ӨҮК мақұлдаған 18 жобаға бюджеттен 1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді.