«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия жұмысын бастады.

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия жұмысын бастады.

Ағымдағы жылдын 14 қыркүйекте «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия жұмысын бастады.

Комиссияның барлық отырыстары кәсіпкерлік басқармасының @ kasipker_aktobe парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі. Кәсіпкерлер өз жобаларын  іске асыру орны бойынша, яғни аудан әкімдіктерінде зум-конференция арқылы қолдайды. Бұрын жарияланған кестеге сәйкес конкурстық комиссия мүшелері Ойыл, Темір, Байғанин, Алға және Әйтеке би аудандарының жобаларын қарады. Бұл 70-тен астам жоба. Аудандар арасында ең жоғары белсенділікті Әйтеке би ауданының кәсіпкерлері көрсетті (21 өтінім).

Биылғы жылы ішкі туризмді, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеуді дамытқысы келетіндердің саны артқан. Құрылыс, білім беру, қызмет көрсету салаларында жобалар болды.

Өтінімдерді қабылдау Qoldau.kz платформасында электрондық форматта жүзеге асырылғанын атап өту қажет.

Комиссия құрамына қоғамдық ұйымдардың, Даму Қорының, БАҚ, ЖОО-ның, салалық сарапшылардың, облыстық мәслихат депутаттарының, облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын кәсіпкерлердің Құзыретті өкілдері кірді. Бұл ретте кәсіпкерлік басқармасының өкілдері комиссия құрамына кірмейді.

Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия құрамы жыл сайын жаңартылып, осымен екінші жыл «Ақтөбе Адалдық Алаңы» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Бизнестің мүдделерін қорғау күзетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Атамекен ӨКП жанындағы өңірлік кеңестің және БАҚ байқаушылары қатысады.

Конкурстық комиссия мүшелеріне қол қойылған Этикалық кодексті қатаң сақтау ұсынылды

Комиссияның қарауына жалпы сомасы 1 млрд.теңгеге 200-ден астам ШОБ жобасы ұсынылды. Гранттар ұсыну үшін 140 млн. теңге қарастырылған. Түскен өтінімдердің 65% ауылдық жерлерден келіп түскен. 1 грантқа 8 кәсіпкер үміткер.

Ертең комиссия қалған 7 ауданның кәсіпкерлерінің өтінімдерін қарайды және келесі күні қалалық жобаларды қарауға кіріседі.