ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті

9 қыркүйек күні «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Серікжанов Қуанышбек Серікжанұлы және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маман Абекенов Мақсат Данаұлының қатысуымен кездесу өтті.
Аталған шара «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы гранттарды жүзеге асырудағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алуға бағытталған.
Шара барысында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қылмыстық жауапкершілік түрлері, сонымен қатар соңғы жылдары заңнамаға енгізілген өзгерістер жөнінде ауқымды ақпарат берді.