Жеңіл өнеркәсіп күні мерекесі қарсаңында кездесу өтті

Жеңіл өнеркәсіп күні мерекесі қарсаңында  кездесу өтті

Жеңіл өнеркәсіп күні мерекесі қарсаңында кәсіпкерлік басқармасы индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, өңірдің жер қойнауын пайдаланушылармен жергілікті өндірушілердің өндірістік мүмкіндіктері және олардың өнімдерінің ассортименті жөнінде «Глобал – Спецодежда» ӨБ базасында кездесу ұйымдастырды.

         Кездесуге 20-дан астам жер қойнауын пайдаланушы қатысты. Барлық қатысушыларға тауар үлгілері көрсетіліп, тігін өнімдерін дайындаудың өндірістік процесі көрсетілді.

         «Глобал – Спецодежда» ӨБ - көп жылдар бойы мамандандырылған киім әзірлеумен және тігумен, үй тоқымасын, балалар киімін, трикотаж желісін және т. б. өндірумен айналысатын , Ақтөбе облысы бойынша ірі тігін фабрикаларының бірі.