"Адал көмек" жобасы

"Адал көмек" жобасы

Бүгін, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тлеумұратов «Адал Көмек» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің алаңында тікелей эфир барысында кәсіпкерлік басқармасымен атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндаған болатын.

Брифинг барысында бизнес субъектілерінің толғандыратын өзекті мәселелері қозғалды. Мәселен, "Ashyq" жобасының іске асырылуы, ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары, дағдарысқа қарсы ынталандыру, туризм инфрақұрылымын дамыту және туристік объектілерді дамыту перспективалары, азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру жұмыстары жөнінде сөз қозғалды.

Тікелей эфирге қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.