Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының іске асырылуы туралы брифинг

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының іске асырылуы туралы брифинг

Былтыр Ақтөбе облысында мемлекеттік бағдарлама аясында шағын және орта бизнестің 2416 жобасы қолдау тапты.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов жеткізді.
Оның сөзінше мемлекеттік бағдарлама аясында 2416 жоба қолдау тапқан, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 45% көбірек.
Жыл басынан бері кәсіпкерліктің 933 субъектісі мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 8,3 есе көбірек.
""БЖК-2025" бағдарламасын жүзеге асыруға биыл 4,8 млрд теңге бөлініп, шағын және орта бизнестің 901 жобасы қолдау тапты. Аудандар арасында көш​ басында Мұғалжар, Шалқар және Алға аудандары тұр. Қолдау тапқан келешегі бар жобалар құрылымында сауда саласы (24%), көлік тасымалы (21%), өңдеу өнеркәсібі (12%) және т.б. бар",- деді спикер.
Нұрхан Тілеумұратов сондай-ақ, берілетін​ қайтарымсыз гранттар туралы да айта кетті.
2020 жылы өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша 34 кәсіпкерге 140 млн теңге көлемінде грант берілген болатын. Олардың қатарында 29 жасқа дейінгі 14 жас кәсіпкер, 6 көпбалалы ана, 1 жетім бала, 1 мүгедек бар.
«Қарапайым экономика заттары» бағдарламасы аясында 59 млрд теңгеге 219 жоба мақұлданып, 14 жоба ендігі​ 12,6 млрд.теңгеге қолдау алды.​