Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Ақтөбеде медициналық керуеттер шығару жөніндегі өңдіріс өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Ақтөбеде медициналық керуеттер шығару жөніндегі өңдіріс өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңында Ақтөбеде медициналық керуеттер шығару жөніндегі өңдіріс өз жұмысын бастады. "Vega Aқтөбе" ЖШС медициналық керуеттер шығару цехын ашуға "БЖК 2025" бағдарламасы шеңберінде 1,0 млрд теңге несие сомасына субсидиялау мен кепілдік түріндегі қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, қазақстандық KZ СТ сертификатын алуға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізілді. Қазіргі таңда медициналық керуеттен басқа үй тұрмысына қажетті түрлі жиһаз өнімдері шығарылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.
Өңірімізден шығып жатқан отандық өнімді қолдап, облыс көлеміндегі барлық ауруханалар мен емханаларға сапалы медициналық керуеттерді жеткізу жолдарын қарастыруымыз қажет. Өз кезегінде сапасы жақсы, мемлекеттік стандартқа сай әрі бағасы арзан өнім жергілікті ауруханалардың төсек-орындарын толықтай жаңартады деп ойлаймын. Біздің міндетіміз - өз күшімен медициналық төсек-орындар мен қажетті құралдар шығарып жатқан кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, өнімдерін алыс-жақын нарыққа шығаруына толықтай жағдай жасау. Келешекте спорттық жабдықтар мен мектептерге арналған орындықтарды, парталарды да осы жерден жасатуға болады, – деді облыс басшысы.
Біз қашанда қолдау көрсетуге дайынбыз.