Басқарма басшысы Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы жұмыс сапарымен Қарғалы ауданына барды

Басқарма басшысы Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы жұмыс сапарымен Қарғалы ауданына барды

Кеше басқарма басшысы Тлеумұратов Нұрхан Жасұланұлы жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды.
Қарғалы ауданында өңір басшысы Оңдасын Оразалина Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолға алынған қолдаудың арқасында жүзеге асырылып жатқан бірнеше кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.
Атап айтсақ, "Актеп" ЖШС-нің көкөніс қоймасы. Қуаттылығы 5 мың тонна болатын картоп қоймасы 2018 жылы пайдалануға берілген. Жоба құны - 519,5 млн.теңге. Шаруашылықтың жалпы аумағы 640 гектар, соның ішінде биыл 100 гектар жерге картоп егіледі. Бұдан бұрын ЖШС "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында мемлекеттен қолдау алып, 295 млн теңгеге су мен электр жүйелері тартылды. Отыз адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Екінші объекті – Қосестек ауылдық округіндегі "Айшуақ" шаруа қожалығы. 2019 жылы шаруа қожалығына "Сыбаға" бағдарламасымен 800 бас ұсақ мал сатып алынған. Бұдан өзге, қожалық 400 жылқы ұстайды. 11 бірлік техникасы бар. Өткен жылдың аяғында кәсіпкер Ақтөбе - Орск тас жолында 50 орындық кемпинг салған. Аумағы 1 гектар жылыжайда көкөніс өсіріледі. Былтыр "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы бойынша жылыжайдың шатырын жөндеуге 5 млн теңге грант алды.
Облыс әкімі: "Мемлекет қаражатын дұрыс пайдаланып, органикалық тамақтар өсірумен айналысатын қожалықтарды қолдау керек. Экологиялық таза тағамдарды өсіріп, өндіретін мұндай жылыжайларды барлық аудандарда ашу керек. Біз өз тарапымыздан осындай маңызды жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз",- деп тапсырды