2020 жылы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға қойылған міндеттері туралы тақырыбында отырыс

2020 жылы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға қойылған міндеттері туралы тақырыбында отырыс
Бүгін, Облыс әкімдігінде өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің алдында өзім жетекшілік ететін Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының 2020 жылы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға қойылған міндеттері жөнінде есеп берді.
Қысқаша айтсақ, 2020 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнестің 2416 жобасы қолдау тапқанын жеткізді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 45%-ға көбейді. 1,3 мыңнан аса субъектіге «БЖК-2025» бағдарламасы бойынша қолдау көрсетілді. Осы бағытта Ақтөбе облысы ҚР бойынша көшбасында тұр.
Бағдарламаның жаңа шарттары кәсіпкерлерді белсенді етуге ықпал етіп, нәтижесінде осы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 500-ден аса жоба қолдау тапты. 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10 есе көбірек. Биыл кемінде 2200 жобаға қолдау көрсету жоспарымыз бар.
Карантин мен шектеу шараларына қарамастан жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,5% өсіп, 61,8 мың бірлікті құрады. Бұл салада 154,7 мың адам айналысып, 782,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Ішкі туризмді дамыту шаралары қабылданып жатыр. Туристік нысандарды насихаттау мақсатында облыста туристік бағыттар жаңартылып, барлық ауданға 12 ақпараттық тур ұйымдастырылды. Байғанин, Қарғалы, Ойыл, Қобда, Мәртөк аудандарына бес потенциалды бағыт анықталды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларына тұтыну бағасының индексі 110,8 % құрады. Бұл ҚР бойынша баға өсімінен ең төменгі көрсеткіш. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 110,5% -ға өсті.
Алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын дамыту мен қолдаудың бағытында атқаратын жұмыстар мен жоспарларымыз бар. Биылғы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 3 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарлануда.