Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган «Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік басқармасы» ММ-сі болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметтін реттеу туралы» Заңынын 8 – бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген бұйырығына және әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі Комиссия отырысының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 1 хаттамасына сәйкес.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Нормативтік құқықтық актіге 2020 жылдың 16 наурызы № 01-2/16 шығыс нөмерімен Ақтөбе облысы қоғамдық кенестің қорытындысы ұсынылған.

Ақтөбе облысының әкімдігінің «Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында а.ж.

10 - наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылғы 29-наурызда аяқталды.

Есептемені қарау саны 67 адам, адамдардың пікірлері болған жоқ.