Ақпараттық-насихат тобының Байғанин, Темір аудандарына жұмыс сапары

Ақпараттық-насихат тобының Байғанин, Темір аудандарына жұмыс сапары
Басқарма басшысы Н.Тлеумұратов бастаған үгіттік - насихаттамалық топ Байғанин және Темір аудандарында өз жұмысын жалғастырды.
Басқа аудандардағыдай өткізілген форматта кәсіпкерлермен, соның ішінде жас кәсіпкерлермен G2B форматында кездесулер санитарлық талаптарды ескере отырып, басты шара әкімдіктердің инстаграмм парақшаларында тікелей эфир арқылы өткізілді.
Жалпы ауыл кәсіпкерлерімен өткізілген көшпелі кездесулер ауыл кәсіпкерлерінің проблемаларын анықтау және оларды уақытылы жою тұрғысынан тиімділігін көрсетеді. Мысалы, Темір, Байғанин аудандарының шаруа қожалықтарында «КазТрансГазАймақ» АҚ техникалық шарттарға келісім алуға байланысты қиындықтары жөнінде сөз көтерілді.
Сонымен қатар, топ мүшелері «Бизнестің Жол Картасы-2025» бағдарламасы аясында қолдау алған Ар-Амир сауда үйінің, Шұбарқұдық-нан наубайханасының, «Нұрайым» және Жанар Қоштанбекованың тігін цехының жұмысымен танысып шықты.