Ақпараттық-насихат тобының Хромтау, Қарғалы аудандарына жұмыс сапары

Ақпараттық-насихат тобының Хромтау, Қарғалы аудандарына жұмыс сапары
Ақпараттық – насихаттау тобы мүшелері Қарғалы және Хромтау аудандарында болды.
Осы аудандарда басқа аудандардағыдай ауыл шаруашылығы басқармасы, қаржы институттары, екінші деңгейлі банктер, Атамекен ӨКП әріптестерімен кәсіпкерлік субъектілері мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жастармен кездесу және G2B форматындағы квест-сессиялар белсенді түрде өтті. Кәсіпкерлердің барлық аудандарында өтеусіз гранттар алу, инфрақұрылым жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін лизингке алу, АӨК жобаларын субсидиялау, сондай-ақ портфельдік кредит алу мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.
Аудан жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында Хромтау ауданында жоғары тау-кен техникалық колледжінің жастарымен кездесу, ал Қарғалы ауданында Бастау-бизнес жобасына қатысушылармен кездесу, сондай-ақ бағдарламадан тыс №1 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Сондай-ақ, топ «Агрофирма Тау» ЖШС жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорын 41 тауар атауы бар ашыған сүт өнімдерін шығарады. Атап айтсақ айран, қаймақ, йогурт, сүзбе, май және сүт. Кәсіпорын шикізатты жергілікті фермерлер мен шаруа қожалықтарынан алады. Осылайша, шығарылатын өнім толығымен қазақстандық өндіріс болып табылады, оның ішінде қаптама мен ыдыс қазақстандық кәсіпорындарда өндіріледі. Кәсіпорынға бірнеше рет мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Қарғалы ауданында Наталья Владимировна отбасының наубайханасында болды. Наталья Владимировна, көп балалы ана, БЖК-2025 грантының жеңімпазы. Өткен жылы өткен 4,2 млн.теңге көлемінде грант БЖК-2025 бағдарламасы бойынша наубайхана ашу үшін Еңбек бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алды. Қазіргі таңда наубайханада Наталья Владимировнаның төрт баласы жұмыс жасайды.
Топ мүшелері «Айшуақ» ш/қ жылыжайымен танысты. Жылыжай БЖК-2025 бағдарламасы бойынша 5 млн. теңге көлемінде гранттық қаражат шеңберінде іске асырылуда.