Ағымдағы жылдың 25 ақпанында басқарма басшысы Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов әр аудан әкімдерінің орынбасарлары мен кәсіпкерлік бөлімдерінің басшыларымен онлайн форматта жеке кездесу өткізді.
Жалпы күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларға тарту, олардың жобаларын барынша қолдау, белсенділігін арттыру, сондай-ақ кредиттеу процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу болып табылады.
Басқарма басшысы мұндай кездесулерді ай сайын өткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу динамикасын қадағалайтын болады.