Басқарма басшысы Нұрхан Жасұланұлы Тлеумұратов Ақтөбе облысының мәслихат сессиясының отырысында Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады.

Нәтижесінде, бұл ұсынысты мәслихат депутаттары қолдады, ӨҮК-нің дербес құрамы бекітілді.
ӨҮК - жалпы санының кемінде 50% бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен облыс әкімі құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Ол «БЖК-2025» бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым мәселелері бойынша кәсіпкерлердің өтінімдерін қарайды, сондай-ақ бағдарламаға сәйкестігі тұрғысынан инфрақұрылымды қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Қысқаша статистикалық деректерге тоқсалсақ, өткен жылы жалпы коммуналдық инфрақұрылымның құны 870 млн.тг. құрайтын 17 бизнес-жоба мақұлданды, бұл 2019 жылғы деңгейден 1,7 есе артық. Жалпы мақұлданған жобалардың басым көпшілігі қаржыландырылуда, кейбір жобалар бойынша қаржыландыру мәселесі пысықталуда. Жалпы жыл сайын жетіспейтін инфрақұрылым жеткізу түріндегі мемлекеттік қолдау алуға кәсіпкерлердің қызығушылығы артып келеді (мысалы: жыл басынан бері 230 млн.тг. құратын 13 кәсіпкердің жобалары пысықталуда)