«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес азық-түлік тауарларының 19 атауы анықталды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес азық-түлік тауарларының 19 атауы анықталды.
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес азық-түлік тауарларының 19 атауы анықталды.
Ағымдағы жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша «Айналым схемасы» шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 атауы «Дастархан» супермаркетінде (Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 95) белгіленген бағалармен сатылуда:
- Күнбағыс майы - 475 тг (Кудесница 0,875 л);
- майлылығы 5-9% болатын сүзбе - 1050 тг/кг;
- Айран 2,5% - 243 тг/л (Околица);
- Сиыр еті (жауырын-төс бөлігі) – 1590 тг/кг;
- Тауық жұмыртқасы-331 тг/оңд. (II санатты);
- Пастерленген сүт 2,5% - 245 тг/л (Околица);
- Тауық еті - 669 тг/кг (окорочка);
- Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5% – дан кем емес) - 1310 тг/кг.
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне талдау жүргізу мақсатында «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» ММ қызметкерлерімен апта сайынғы негізде осы азық-түлік өнімдерінің бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізіледі.