Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысында болды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысында болды

Жұмыс сапары аясында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова мен облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин Мәртөк ауданындағы "Зәру" пантымен емдеу шипажайының жұмысымен танысты.

Сапар барысында облыстық кәсіпкерлік басқарма басшысы Нұрхан Жасұланұлы Тілеумұратов туризмді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік туризм бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Қарғалы су қоймасындағы туристік кешеннің жобасы таныстырылды.

А.Райымқұлова қолдау білдіріп, туризмді дамытуда сәттілік тіледі.