Ақтөбе обылысының кәсіпкерлік басқармасының басшысының орынбасары А.Көкеевтің Ырғыз ауданына жұмыс сапары

Ақтөбе обылысының кәсіпкерлік басқармасының басшысының орынбасары А.Көкеевтің Ырғыз ауданына жұмыс сапары

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары А.Көкеев мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және түсіндіру мақсатында Ырғыз ауданына барды. Жұмыс сапары барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді, сондай – ақ "Байменов Жасылан" ЖК - шаштараз, "Досжан Ақнұр" ЖК - сұлулық салоны, "Калменов Ақерке" ЖК - донерлік, кебап дайындау, "Алима Ахмет" ЖК - сұлулық салоны, "Салманова Мереке" ЖК - нан пісіру, "Сарина Бану" ЖК-сұлулық салоны жобаларымен танысты.
Сапар соңында басқарма басшысының орынбасары шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша ауданның кәсіпкерлік субъектілеріне пандемия және ауқымды жұқтырудың жаңа толқыны қаупі кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң сақтау қажеттігі туралы тапсырмалар берілді.