Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне арналған «Бағаны ұстау» акциясы басталды.

Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне арналған «Бағаны ұстау» акциясы басталды.

Ақтөбеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне арналған «Бағаны ұстау» акциясы басталды. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфир кезінде айтты. Спикер 2020 жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларына инфляция 107,8% -ды құрағанын айтты. «Қараша айында әлеуметтік маңызы базық-түлік тауарларының 19 түрінен 18 тауардың бағасы орташа республикалық деңгейден төмен болды, оның ішінде сиыр еті мен тұз бағасы республикадағы ең төменгі бағалардың бірі болды. Бөлшек сауда орындарымен және жергілікті өндірушілермен 500 меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде сауда желілері 19 азық-түлік тауарларына 5% -дан аспайтын сауда маркаларын қолданады. Бағаны тұрақтандыру мақсатында «Анвар» және «Дина» ірі сауда желілері 2020 жылдың 1желтоқсанынан 2021 жылдың 15 қаңтарына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына «Бағаны ұстау» акциясын бастайды», - деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, аймақ тұрақтандыру қорының өнімдерін нарықтағы бағадан 15-20% -ға төмен бағамен сатуды бастады. Ірі сауда желілерінде картоп 84 теңгеден, сәбіз - 84 тг., пияз - 63 тг., қырыққабат - 74 теңгеден сатылуда. Апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің жәрмеңкелерінде өнімдер бөлшек сауда бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылады. «Алаңнан сөреге дейін» жобасы бойынша тікелей қол жеткізу мақсатында Ақтөбе қаласында төрт «Табыс-агро» сауда нүктесі және 13 «Халық сауда» орталығының шағын көтерме сауда нүктелері ашылды. Бағаны тұрақты ұстап тұру жұмыстары облыс әкімдігінің үнемі бақылауында.