Апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Бүгін, а.ж. 21 қарашасында кезекті апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысып, өнім орташа нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағада ұсынылды. Кәсіпкерлік басқармасымен қала әкімдігінің өкілдері бірлесе отырып, белгіленген тәртіп бойынша баға белгілерін орналастыру және бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша бақылау шаралары жүргізілді.