Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығын сақтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады.
Осы орайда, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі мен “Астана” және “Алматы” аудандары әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес үй жанындағы сауда дүкендеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына көтерме жеткізушінің сату бағасына 15%-дан аспайтын шекті сауда үстемесін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.