Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында кеңсе тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің басты мақсаты – ата-аналар үшін оқу құралдарына баға қолжетімділігін, баға белгілеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету және негізсіз қымбаттаудың алдын алу.
Шолу барысында кеңсе тауарларын сататын сауда орындарында тауар түрлерінің кең таңдауы және баға қолжетімділігі байқалды. Дүкен сөрелерінде оқушылардың оқуына қажетті барлық тауарлар — дәптер, қалам, сызғыш, сөмке, бояу жиынтықтары және басқа да заттар әртүрлі баға санатында ұсынылған. Бұл ата-аналарға өз бюджетіне қарай тиімді таңдау жасауға мүмкіндік береді.