Біздің қалада абаттандыру және қоғамдық аумақтарды тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Коммерциялық нысандардың иелерінен олардың ғимараттарына іргелес аумақтарды таза ұстау және абаттандыру талап етіледі. Барлық заңсыз орнатылған, сондай-ақ ескірген және бүлінген жарнамалық баннерлер мен маңдайшалардың алынып тасталуына ерекше назар аударылады.
Заңсыз саудаға қарсы күрес:
Сонымен қатар, заңсыз сауда павильондары анықталып, бөлшектелуде. Қазір қалада мобильді топ жұмысын күшейтті. Оның құрамына сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің өкілдері кіреді.
Мониторинг әкімдіктің тапсырмасы бойынша ғана емес, сонымен қатар тұрғындар тарапынан түскен көптеген шағымдарға жауап ретінде де жүргізілуде. Павильон иелерімен түсіндіру жұмыстары өткізілуде, оның барысында учаскені жалға алу және сауда нүктесін орнату заңдылығы тексеріледі.
Көп жағдайда кәсіпкерлер павильонды жергілікті атқарушы органнан қажетті рұқсат алмай, тек КСК-ның рұқсатымен ғана қойып алады. Мобильді топтың мамандары мұндай нысандардың жұмысында заң талаптарының жиі бұзылатынын атап өтті: салық органдарында тіркеу жоқ, санитарлық нормалар сақталмайды.
Сауда нүктелері қоғамдық аумақтарда, көп қабатты үйлердің аулаларында немесе автотұрақтарда орналасқан жағдайлар жиі кездеседі. Көбінесе олар тұрғындарға кедергі жасайды, жаяу жүргіншілер аймақтарын жауып тастайды, бұл тұрғындардың шағымын туғызады.
Сонымен қатар, заңсыз сауда объектілері қаланың санитарлық жағдайының нашарлауына алып келеді. Олардың иелері қоқыстарын жақын маңдағы үйлердің қоқыс алаңдарына, тұрғындардың контейнерлеріне лақтырады, заңды тұлға ретінде қоқыс шығаратын компаниялармен келісімшарт жасамағандары анықталып отыр.
Жыл басынан бері осындай 20 дүңгіршек алынып тасталды.
Барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерді жайлы және таза қалалық орта қалыптастыру үшін жауапкершілікке және белгіленген ережелерді сақтауға шақырамыз.