Оқу жалғасуда!

Оқу жалғасуда!

Бүгін жоба қатысушылары үшін ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Қатысушылар пайдалы ақпарат алып, жаңа біліммен қаруланды!

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері кәсіпкерлерге арналған қолдау түрлерімен, сондай-ақ «Өрлеу» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстырып, нақты бағыт-бағдар берді.

Мансап орталығының мамандары қайтарымсыз гранттар туралы толық әрі практикалық мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың жолдарын түсініп, өз сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар, жасанды интеллект бойынша арнайы сабақтар ұйымдастырылып, қатысушылар цифрлық даму саласында жаңа білім алды. Бұл – олардың болашағына серпін беретін маңызды қадам.

Кездесу жоба қатысушыларына кәсіби әрі тұлғалық даму жолында шабыт пен мотивация сыйлады!

Жоба қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, шабыт беруде!