Жобаның қатысушыларымен даму және мотивация күні!

Жобаның қатысушыларымен даму және мотивация күні!

Жобаның қатысушыларымен өткен тағы бір кездесу жарқын әрі шабытты өтті!
Қатысушылар мотивациялық тренингтер мен шеберлік сағаттарына қатысып, тек жаңа білім алып қана қоймай, құнды инсайттарға ие болды:
🔹 Стилист-имиджмейкер
Тақырыбы: «Сыртқы келбет – бизнестегі алғашқы мүмкіндік»
Жарқын имидж – табысты бастаманың кілті екенін тәжірибе жүзінде дәлелдедік!
🔹 Іскерлік этикет бойынша мастер-класс
Тақырыбы: «Логикалық деңгейлер пирамидасы»
Қатысушылар өздерін, мақсаттарын, құндылықтарын жақсырақ түсініп, тиімді байланыс орнату жолдарын үйренді.
🔹 Менторинг және кәсіби бағдар
Базалық дағдыларды дамыту – таңдаған салада сенімді алға басудың маңызды қадамы екені айтылды.
🔹 «Мақсатқа жету жолдары» мотивациялық тренингі
Армандарға жету үшін нақты жоспар, сенім және әрекет қажет екенін тағы бір еске салды.
Бұл күн жоба қатысушылары үшін тек мотивация ғана емес, жеке және кәсіби даму жолында нақты бағыт берді.