10 шілде күні әйелдердің дамуы мен қолдауына бағытталған «Бетбұрыс-5» әлеуметтік жобасының алғашқы сабағы өтті.
Тренингті тәжірибелі спикерлер – Гүлжан Асылханқызы мен Ева Евгеньевна жүргізді. Қатысушылар эмоционалдық шаршау, мақсат қою сияқты маңызды тақырыптарды талқылап, ішкі мотивация мен жеке ресурстардың рөлін түсінуге көмектесетін тәжірибелік жаттығулар орындады.
Бұл сабақ көптеген қатысушыға өз-өзіне, күнделікті әдеттері мен көзқарастарына жаңаша қарауға мүмкіндік берді.