10 шілде күні Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің міндетін атқарушы А. Аязбаевтың төрағалығымен кәсіпкерлік нысандары иелерімен антитеррористік қорғаныс мәселелері бойынша кездесу өтті.
Іс-шараға келесі мекемелердің өкілдері қатысты: Полиция департаменті (экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы), Қалалық кәсіпкерлік бөлімі, Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық, Мансап орталығы, Төтенше жағдайлар басқармасы, №1 және №2 қалалық полиция бөлімдері.
Кездесуде қатысушыларға террористік тұрғыдан осал нысандарды қорғау бойынша заң талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Қауіпсіздік – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Нысандарды заңнамаға сай қорғау – тек міндет емес, сонымен қатар өңір тұрақтылығына қосылған үлес.