«Бетбұрыс-V» жобасы – жаңа мүмкіндіктердің бастауы!

«Бетбұрыс-V» жобасы – жаңа мүмкіндіктердің бастауы!

А.ж. 9 шілде күні Ломоносов атындағы Орталық қалалық кітапханада қалалық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Бетбұрыс» әлеуметтік жобасының бесінші маусымы ресми түрде ашылды.

Жобаға 25 ана қатысуда – олардың қатарында көп балалы аналар, ерекше бала тәрбиелеп отырған және жалғыз басты аналар бар.

Жобаның мақсаты – әйелдерге кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасауға мүмкіндік беру.

Қатысушылар:
Кәсіпкерліктің негіздерін меңгереді
Тәжірибелі менторлардан бағыт-бағдар алады
Өз кәсібін ашуға дайындалады
Қаржылық сауаттылықтарын арттырады

Ашылу салтанатына қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және жобаның алдыңғы маусымдарының түлектері қатысты.

«Бетбұрыс» – бұл жай ғана жоба емес, бұл – әрбір әйелдің арманына бір қадам жақындауына мүмкіндік беретін платформа!