2025 жылғы 1 шілде күні «Бақытты отбасы орталығы» ғимаратында «Бетбұрыс» әлеуметтік жобасының V-кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатында сұхбаттасу өтті.
Жобаға қатысу үшін кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, білім алуға ниет білдірген 50 әйелден өтінім қабылданды.
Сұхбаттасу жұмысына қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, жоба менторлары, қалалық мәслихат депутаты және қаланың танымал кәсіпкерлері қатысты.
Сұхбаттасу нәтижесінде 25 әйел іріктеліп, олар 8 түрлі бағыт бойынша жеке менторлардың жетекшілігімен оқыту бағдарламасына енгізілді.
Жобаның мақсаты – әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және оларды өңірдің іскерлік ортасына тарту.