27 маусым күні Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сағидоллаұлы мен қалалық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің өкілі Талғат Булысбаев кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел басқару орталығына біріктірілген бейнебақылау жүйелерін орнату қажеттілігі талқыланды.
Қазіргі таңда кейбір әлеуметтік маңызы бар мекемелерде бейнебақылау жеткіліксіз немесе мүлде жоқ. Бұл қауіпсіз орта қалыптастыруға кедергі келтіреді.
Бейнебақылау жүйелері:
▪️ нысан аумағын онлайн бақылауға,
▪️ қауіп төнген жағдайда жедел әрекет етуге,
▪️ құқықбұзушылықтардың алдын алуға,
▪️ құқық қорғау органдарымен тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау — тыныш әрі сенімді қоғам кепілі.