Бүгін, 25 маусым күні, «Атамекен» Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті.
Жиынға Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев қатысты.
Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды: Сұйытылған мұнай газын сату саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, АГЗС пен АЗС объектілеріне қатысты депутаттардың бастамасымен өткізіліп жатқан жоспардан тыс тексерістерге байланысты; Кенкияқ орта мектебі мен Темір аудандық білім бөлімінің тарапынан “Базарбаева Шолпан” ЖК-на қатысты ықтимал заңсыз қысым мәселесі.
Кәсіпкерлік басқармасы бизнес саласындағы өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысып, кәсіпкерлермен ашық диалог жүргізуді жалғастырады.