Ақтөбе қаласындағы есірткі заттарының таралуын алдын алу және абаттандыру бойынша түсіндірме жұмыстары

Ақтөбе қаласындағы есірткі заттарының таралуын алдын алу және абаттандыру бойынша түсіндірме жұмыстары

11 маусым күні қала кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қаладағы қоғамдық және көңіл көтеру орындарында есірткі заттарының таралуын алдын алу, сондай-ақ заңсыз әрекеттердің болдырмау мақсатында кешенді түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында есірткіге қатысты қылмыстарды алдын алу және құқық бұзушылықтарға қарсы профилактика бойынша шаралар баяндалған жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, қала аумақтарын санитарлық тазалау және абаттандыру ережелеріне сәйкес, қала тазалығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұл жұмыстар, қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіз және жайлы орта жасау мақсатында, алдағы уақытта да жалғасатын болады.