«Астана» ауданы әкімдігінің мамандары аудан аумағында орналасқан сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Рейдтік шаралар барысында сөрелерге “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” ҚР Заңының 24-бабына сәйкес баға белгілерін орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтеру жағдайлары тіркелген жоқ.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.
Тұтынушылардың назарына, сауда объектілері ӘМАТ бағасының негізсіз өсуін тіркеген жағдайда, бағаны көтерудің негізділігін қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін “Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне” жүгіну қажет (Әбілқайыр хан даңғылы, 25, 210-211 каб., 548126, 548120, 564649).