Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы кәсіпкерлік бөлімі мамандары кәсіпкерлермен санитариялық нормаларды сақтау және тазалықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара аясында бөлім қызметкерлері аудан аумағындағы кәсіпкерлік және сауда нысандарын аралап шықты.
Тексеру барысында кәсіпкерлерге нысан маңындағы аумақтарды таза ұстау және қоқысты болдырмау талаптары түсіндірілді.
Мамандар ғимараттардың айналасын үнемі тазалап отырудың және санитариялық ережелерді сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Бұл – қолайлы қалалық ортаны қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі.
Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасы бизнес субъектілеріне нысандар мен олардың айналасындағы аумақтардың санитариялық жағдайына жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертеді.