4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аясында Орталық және “Жилгородской” базарларында, «Шығыс» және «Табыс» базарларында, сондай-ақ «Керуен Сити» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.
Бұл шара патриоттық рухты нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған.
Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы бастама көтерген кәсіпкерлерге және қала тұрғындарына патриоттық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.
Тәуелсіздігіміздің рәміздері ел бірлігінің, шабыт пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айнала берсін!