Ақтөбе қаласының “Алматы” ауданында бизнес нысандарының санитарлық жағдайын тексеру бойынша рейд өткізілді.

Ақтөбе қаласының “Алматы” ауданында бизнес нысандарының санитарлық жағдайын тексеру бойынша рейд өткізілді.

Атап айтқанда, “Алматы” ауданының кәсіпкерлік бөлімі мамандары 312-атқыштар дивизиясы көшесі бойында орналасқан кәсіпорындар мен сауда орындарын аралап, рейдтік жұмыстар жүргізді.

Рейд барысында мекеме ғимараттарының айналасын таза ұстау талаптары түсіндіріліп, нысандарға тиесілі аумақтарды тазарту қажеттігі ескертілді.

Тексеру нәтижесінде кейбір кәсіпкерлік нысандардың белгіленген тәртіпті сақтамай отырғаны анықталды.
Бірқатар кәсіпорындарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес ескерту берілді.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы кәсіпкерлерге санитариялық талаптарды сақтау және нысандарға іргелес аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету маңызды екенін ескертеді.