
Мемлекеттік қызметшілер күні аясында басқарма қызметкерлерінің ата-аналарына ерекше құрмет көрсетіліп, облыс әкімі атынан Алғыс хаттарын басқарма басшысы Ерік Теміржанұлы Тұрсынғалиев табыстады. Марапат олардың ел игілігі жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтарды тәрбиелеп өсірген еңбегіне көрсетілген ризашылықтың белгісі. Шара барысында ата-аналарға алғыс айтылып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілектері айтылды. Бұл игі бастама отбасы құндылықтарын дәріптеп, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді.