Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омарованың төрағалығымен басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау тақырыбы аясында жиналыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Омарова Ризагул Мырзағалиқызы басқарманың қызметшілерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлығына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бойынша, сонымен қатар жұмыс барысында «Ақпараттық қауіпсіздікті» қатаң ұстану бойынша түсіндірме жұрыстарын жүргізді.