Тоқаев Мәжіліс сайлауын тағайындады

Тоқаев Мәжіліс сайлауын тағайындады

"Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалсын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 11 қаңтарға тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының қаулысында.

Орталық сайлау комиссиясына депутаттардың кезекті сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

"Үкімет, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын", - делінген Жарлықта.

Айта кетейік, өткен Мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтті. Оған алты саяси партия қатысып, олардың үшеуі Парламенттің төменгі палатасының құрамына кірді. Олар-Nur Otan," Ақ жол " және Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы.