«Қарттарым – асыл қазынам»

«Қарттарым – асыл қазынам»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн қарттарымызға, олардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сый-құрмет көрсету мақсатында Қазақстанда да жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіледі.

Үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Әрбір азаматтың қартайған кезіндегі өмірін лайықты ету – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі.

Ақтөбе облысы қаржы басқармасының ұжымы осы басқармадан зейнеткерлікке шыққан Ардагерлерді мерекелерімен құттықтады.