Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай аудан орталығында салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерге, тылда тынымсыз еңбек еткен ардагерлерге тағзым білдірді.

Жеңістің 80 жылдығына арналған бұл шара — өткенге деген құрметтің, бейбіт өмірдің бағасын түсінудің айғағы. Салтанатты жиында жиналғандар Ұлы Отан соғысының батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Бұл — ерлікке тағзым, елге аманат етілген тарихты қастерлеу күні.