7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара өткізілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара өткізілді

Отанға деген сүйіспеншілік пен елге қызмет етудің маңызын ұлықтайтын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ауданымызда салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев құттықтау сөз сөйлеп, батылдық пен ерлік – әрбір азаматтың бойындағы асыл қасиет екенін атап өтті. Ол Отан алдындағы абыройлы борышын адал атқарып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдіріп, еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығы – осындай ерлердің еңбегімен нығайып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Мерекелік жиында түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер шырқалып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеп, қоғамдағы ер азаматтардың мәртебесін арттыруға бағытталған игі бастамалардың бірі болып табылады.