Ағымдағы жылдың 25-27 сәуір күндері Қандыағаш қаласы және мамырдың 2-4 күндері аралығында Хромтау қаласында Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен облыстық мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті. Аталмыш жарысқа 12 аудан және қала, облыс, департамент барлығы 15 команда қатысты.
Қарғалы ауданы атынан қатысқан мемлекеттік қызметшілер спорттың 9 түрі бойынша қатысып, өздерінің қайсар мінезін, күш жігерін көрсетіп жалпы командалық есепте он бес қатысушының ішінде 6 орынға ие болды.
Нәтижелер төмендегідей:
Волейбол ойыны – 3 орын
Жүзу (командалық) – 1 орын
Жүзу (эстафета микс) – 2 орын
Жүзу (жекелей): Абдулова Диана Байжановна(еркін жүзу) – 1 орын; Новиков Геннадий Геннадьевич (арқамен жүзу) – 2 орын; Султанов Евгений Жолтореевич (еркін жүзу) – 2 орын;
Арқан тарту ойыны – 1 орын
Жүлдегерлерді құттықтай отыра, барлық қатысушыларға шексіз алғыз білдіреміз!