ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ ЧЕМПИОН-ҚАРҒАЛЫДА!

ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ ЧЕМПИОН-ҚАРҒАЛЫДА!

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен жастармен ерекше кездесу өтті. Шараның басты қонағы — волейболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық құрама командасының ойыншысы, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысушы, ауданымыздың мақтанышы Сағымбаева Томирис Мырзағұлқызы болды.

Кездесу барысында Томирис жастармен өзінің спорттағы жолы, жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы ашық әңгіме өрбітті. Ол волейболдан ҚР чемпионы, әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы ретінде спорттағы табысқа табандылық пен еңбек арқылы жетуге болатынын айтып, жастарды мақсат қоюға, денсаулықты нығайтуға және үнемі даму үстінде болуға шақырды.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев өз сөзінде жастарға үлгі болған Томирис Сағымбаеваға алғысын білдірді. Сондай-ақ, жастар саясатын дамыту бағытында осындай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу жылы атмосферада өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, шабыттана түсті.