Карғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев аудан аумағындағы бірқатар шаруа қожалықтарына арнайы барып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Әсіресе, суармалы жерлерді игеру және тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ауыл шаруашылығы – аудан экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Осы бағытта суармалы алқаптарды кеңейту және оларды дұрыс пайдалану – өнімділікті арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Аудан басшысы су көздерін тиімді пайдалану және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында нақты тапсырмалар берді.
Аудан әкімдігі тарапынан алдағы уақытта суармалы егіншілікті дамытуға ерекше көңіл бөлініп, тиісті қолдау жалғасын табатын болады.