Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды:
1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы;
2. Ұлттық жобалардың жүзеге асырылу барысы;
3. Алда келе жатқан мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен мекеме жетекшілері қатысты.
Аппараттық жиында аудан басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге талдау жасалып, оларды жақсарту бағытында тиісті шаралар қабылдау жүктелді. Сондай-ақ, ұлттық жобалардың іске асырылуы тұрақты бақылауда болуы тиіс екені айтылып, жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктелді.