Аудан аумағында 1500 түп ағаш отырғызылды

Аудан аумағында 1500 түп ағаш отырғызылды

19 сәуірде Қарғалы ауданында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың қатысуымен "Таза Қазақстан" екі айлық республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудан аумағында 1500 түп ағаш отырғызылып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары, жастар мен еріктілер белсене қатысып, табиғатты қорғау ісіне үлес қосты.

Мұндай іс-шаралар аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға және жас ұрпаққа үлгі болуға үлкен септігін тигізеді.