Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов жұмыс сапарымен Қарғалы ауданында болды.

16 сәуір күні Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов келді. Жұмыс тобының құрамында облыстық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары басшылары, жер инспекция мен "ҚазСуШар" РММ басшылары бар. Ғ.Елеуов бастаған жұмыс тобы ауданның шаруашылық құрылым басшыларымен кездесіп көктемгі далалық жұмыстарына дайындық және алға қойылған жоспарларымен танысты. Ауданның шаруашылық құрылымдары басшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар суармалы егіс алқаптарын, суару науқанында, электр энергиясымен үздіксіз қамту бойынша "ҚазСуШар" мекемесі басышысына тапсырма берді. Жұмыс сапары барысында егіс егу науқанына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын қарау мақсатында "ДиЛэнд" ЖШС техника паркінде болды. сондай-ақ "Ауыл аманаты" жобасы бойынша іске асырылған "Спутник" АӨК жылыжайының жұмысымен танысты. Бадамша ауылындағы «ЮжПромСнаб» ЖШС-нің жол құрылысына қажетті өндірілген қиыршық тас тиеу айлағында болып, аталған мекеме басшыларына өнділіген өнімді тасымалдау, вагондарға тиеу кезінде тұрғын үйлерге шаң-тозаң бармау үшін, барлық технологияларды сақтауды ескертті. Жұмыс сапары қорытындыланып, көктемгі дадалық жұмыстарына Қарғалы ауданы шаруашылық құрылымдарының толықтай дайын екендігін, ауа-райының қолайлы уақытын тиімді пайдаланып, жоспарланған егістік жұмыстарын уақытылы аяқтауды, қажетті минералды тыңайтқыштармен қамтылу, күн сайын егістік науқанының жүру барысы туралы ақпаратты ұсыну және үнемі бақылауда ұстау тапсырмалары берілді.