
Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайланған ауылдық округ әкіміне тиісті қызметтік куәлігін табыстау рәсіміне қатысты.
2025 жылдың 13 сәуірінде Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Қарғалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 сәуірдегі шешімі негізінде Гүлжан Батырғалиқызы Досмағамбетова Қарғалы ауданы Қос Естек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.