Жиын барысында бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібі, ветеринария саласында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді санитарлық тазалау және абаттандыру бағытында жүргізіліп жатқан шаралар талқыланды. Жауапты ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы міндеттерді ортаға салды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, әрбір бағыттағы жұмыстардың сапасы мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.