Отбасы күні құтты болсын!

Отбасы күні құтты болсын!
Қымбатты Қарғалы ауданының тұрғындары!
 
Отбасы күні құтты болсын!
Отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі. Себебі, адамзат баласының дүниеге алғаш рет келгенде енетін ортасы, өсіп-өніп, тәрбие алатын қасиетті алтын бесігі өз жанұясы.
 
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген асыл сөз бар, ол қай заманда да өзгерген емес. Әр жанұя қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі болып қала береді.
 
Мерейлі мереке қарсаңында отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұрпақтарыңызға бақ-береке, елімізге тыныштық тілейміз!
 
Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын!
 
Құрметпен, Қарғалы ауданының әкімі Н.Өнербаев.